RU
Ақтөбеде "ішіп жүрген" жігіттерді Наурызға шақырған балабақша басшысы дауға қалды

Ақтөбеде "ішіп жүрген" жігіттерді Наурызға шақырған балабақша басшысы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы балабақшадан шу шықты. Тұрғындардың сөзінше, ашылғанына екі ай болған мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі Наурыз мерекесін тойлау кезінде достарымен ішімдік ішкен көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбедегі балабақшада меңгерушінің құрдастары ішімдік ішкен

Фото: Ауыл тұрғындарынан

Дастарханның үстіндегі шөлмек пен сыраның фотосы желіде тарап кетті. Ауылда Whatsapp желісімен тараған аудиода меңгеруші мен оның достарының дауысы сақталып қалған.

Ата-аналар меңгерушінің үстінен ауыл әкіміне арыз түсірді.

"21 наурыз күні балабақшамызға киіз үй тігіп, мерекені керемет өткіздік. Дастархан жайылды, басшыларға бөлек бөлмеге дайындадық. Өтірік айтып не істейін, сол жерге ішкен адамдар келді.

Мен оларды кіргізбей тұра алмаймын. Солардың біреуінің телефонында дауыс жазбалары қалып қойған. Оның келіншегі ерегісіп жіберіп тұр.

Дастарханға бір шөлмек пен бір сыра қойып, суретке түсіріп алған. Сурет балабақшаның ішінде түсірілген, бірақ ол жерде мен жоқпын.

Аудио хабарландырудағы дауыстар менің кішкентай кезден бірге өскен достарым. Әйелдері қызғанып жасап тұр. Ол жерде менің "қыз дайындап қойдым, арақ дайындап қойдым" деген сөзім жоқ.

Ол жігіттер наурыз көже ішемін деп келіп, қолтығына арақ салып алып келсе де мен білмеймін. Себебі сол күні демалыс әрі мереке болған соң балабақша есігі ашық болды.

Сыныптас достарым құттықтап он рет хабарласты. Мен оларды тек көжеге шақырдым. Ауылда бос жатқан, ішіп жүрген жігіттер.

Менің қатем - оларды кіргізгенім шығар. Мен тек мерекелік дастарханымды жайдым, олар ішіп келеді деп ойлаған жоқпын", - дейді «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі Асылгүл Ермұхамбетова.
Ақтөбеде "ішіп жүрген" жігіттерді Наурызға шақырған балабақша абсшысы дауға қалды

Фото: Ауыл тұрғындарынан

Ауыл тұрғындарының арызынан кейін қорғаушы жалдаған меңгеруші де қарсы арыз түсірмек.

"Ол жерде менің суретім жоқ. Маған жасалып жатқан қастандық деп ойлаймын. Арыз жазғандардың барлығы маған жұмыс сұрап келгендер. Мұндай наурызды бұрын ешкім жасап көрген жоқ.

Демеушілердің көмегімен киіз үй тіккізіп, 7 табақ бауырсаққа дейін жасадым. Қазір қорғаушы жалдадым,мен де құр қол отырғым келмейді. Жала жапқандардың үстінен арыз түсіремін", - дейді меңгеруші.

Осы жағдайға қатысты ауыл әкімі зерттеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлайды.

"Ол жердегі адамдардың дауысын таныдым. Маған балабақшаның оншақты ата-анасы арыз жазып келді. "Балабақшада ішімдік ішкен көрінеді" деп суреттерін көрсетті. Қазіргі уақытта балабақша меңгерушісін уақытша жұмыстан шеттеттік. Осы жағдайды зерттеуге аудандық әкімшілік жанынан комиссия құрылды»,- дейді Шұбарши ауылдық округының әкімі Азамат Мәлікұлы.
Сіздің реакцияңыз
40
2
8
2
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel