RU
Ми-8 тікұшағының апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ми-8 тікұшағының апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалып, бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов өз бақылауына алды деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Андрей Лукин. Фото: prokuror.gov.kz

Андрей Лукин. Фото: prokuror.gov.kz

13 адамның бәрі қаза тапты: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады>>>

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды>>>

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатына қатысты видео үндеу жариялады>>>

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.

"Бас әскери прокуратура қылмыстық істі жіті қадағалайтын болады, бұл іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық процесс Қазақстанның бас прокуратурасының назарында болмақ", - деді ол.

Оның сөзінше, қылмыстық іс "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша қозғалды.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel