RU
Ақтөбеде екі күйеуі де тастап кеткен көпбалалы келіншек бір үзім нанға зәру
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде екі күйеуі де тастап кеткен көпбалалы келіншек бір үзім нанға зәру

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бес балалы жалғызбасты келіншек жалдап тұрып жатқан пәтерінен қуылған. Көпбалалы ананың балалары бірнеше күннен бері аш. 32 жастағы Баян Тоғызбаева қазір жергілікті әкімдіктің есігін жағалап жүр. Келіншек екі рет азаматтық некеде болғанымен, ажырасып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Осыған дейін "Нұр Ақтөбе" ауданында пәтер жалдап тұрдым. Ол жетім баланың үйі болатын. "Жетім балаларға берілген үйді жалға беруге болмайды" деп оның үйін тартып алып, бізді қуып шықты. Ішіндегі киімдерімізді ала алмай қалдық. Баланың бесігін қоқысқа лақтырып тастаған. Далада қалған бірінші күнімде жертөледе қондым", - дейді Баян Тоғызбаева.

Баспанасынан қуылған келіншек "Нұр Ақтөбе" ауданының әкімдігіне барған. Келіншектің балаларын қызметкерлер тамақтандырыпты.

Жалғызбасты ана әкімдік қызметкерлерінен баспана талап еткен. Келіншектің бес баласының алғашқысы 14 жаста, одан кейінгі балалары он екі, бес және үш жаста. Ал кішісі жасқа толмаған. Баян ешқандай баласына алимент алмайды.

"Бірінші жолдасым ішімдікке салынған. Сол себепті, алиментке де берген жоқпын. Екіншісі, бөліп беретін ештеңесі жоқ жетім бала. Олар бірдеңе сұрасам, балаларды алып кетеміз деп қорқытады. Олардан көмек жоқ.

Балаларға төленетін жәрдемақыны жалдамалы пәтерге жеткізе алмадым. Кішкентайым екі айға толған кезде жұмысқа шығып кеттім.

Балаларымды үйге құлыптап кетіп жүргенде әртүрлі қиын жағдайлар болды. Екі жыл бұрын үш жастағы балам уксус ішіп қойып, өлім аузынан қалды", - дейді келіншек.

Қалалық әкімдік қызметкерлері жалғызбасты анаға көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

"Бұл жағдайдан хабардармын. Жергілікті әкімшілікке тапсырмалар берілді. Мүмкіндігінше көмектесетін боламыз", - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Рузия Айдашева.

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік келіншекке уақытша тұруға пәтер жалдап берген. Бұл туралы келіншектің өзі қуана хабарлады.

"Қазір бір айлық пәтерақымды әкімдік қызметкерлері төлеп берді. 2016 жылы алған жеріме сәуір айынан бастап баспана тұрғызуға демеуші тауып беретіндерін айтты.

Қуанышымда шек жоқ. Қазір тұрып жатқан үйіміз бар, ол үшін әкімдікке рахмет. Тек жейтін тамақ таба алмай отырмыз. Еріктілер болса, азық-түлікпен көмектесуді сұраймын.

Үйде вермишельден басқа ештеңе қалған жоқ. Қарыздарым болған соң дүкен нан да бермей отыр. Балаларымның жейтін тамағы жоқ", - дейді Баян есімді келіншек.
  • Отбасыға қол ұшын созып, көмек көрсетем деген жандар +7 708 739 0620 нөміріне хабарласа алады.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel