RU
Алматыға көлікпен кіру енді ақылы болатыны рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыға көлікпен кіру енді ақылы болатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қалаға кірудің ақылы болатынына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, ол үшін алдымен қажетті жағдай жасау керек деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: tuz.kz

Фото: tuz.kz

Әукеновтың айтуынша, БАКАД құрылысы осы жылдың мамыр айында басталмақ. Ол өз кезегінде қала көшелеріндегі қозғалысты 12-15%-ға жеңілдете түседі.

Бүгінде қалада 850 мың автокөлік бар. Шенеунік бұл көрсеткіш 100 мыңға заятынын алға тартты.

Қазіргі таңда Рысқұлов пен Райымбек даңғылдары бойынша жүріп жүрген ауыр жүк көліктері алдағы уақытта тек БАКАД бойымен қатынайтын болады.

Оған қоса, қаладағы көлік ағымының 12%-ға азаюы кіші көліктік айналымның арқасында әбден мүмкін болмақ.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта БАКАД пен кіші көліктік айналымды байланыстыратын жолдар салынуда.

"БАКАД бойынша жүру ақылы болады. Көліктік реформаның нәтижесінде Алматыға кірудің ақылы жүйесін енгізу көзделмек", - дейді Әукенов.

Ол ақылы түрде кіретін Дубай, Мадрид, Барселона, Париж іспетті басқа қалаларды мысалға келтірген. Әкім орынбасарының сөзінше, дәл осы шара қалаға кіруді шектей түспек. Ол Алматы алдағы уақытта бұл жүйеге көшетінін айтты. Алайда, оны іске асыру үшін алдымен айналма жолдардың құрылысын аяқтау керек.

Құрылыстың аяқталуы бұл сұраққа екі-үш жылдан соң қайтадан әкеп соқтырады. Қалаға ақылы түрде кіру қала көшелеріндегі көлік ағымын тағы 30 пайызға азайта түспек.

Әукеновтың айтуынша, Алматыда тек 550 мың көлік тіркелгенімен, қалада 850 мың темір тұлпар жүр.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel