RU

Су тасып, көшкін жүреді: Алматыда дабылды ескерту жарияланды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті шаһардың таулы аудандарында көшкін болуы мүмкін екендігін ескертті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы. Фото: Максима Золотухина
Алматы. Фото: Максима Золотухина: UGC

Дабылды ескерту РМК "Қазгидрометтің" ақпараты негізінде жарияланды.

Хабарламада көрсетілгендей, ауа райының тез жылынуы салдарынан Үлкен және Кіші Алматы өзендері арнасынан тасып, 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында көшкін жүруі мүмкін.

Осыған байланысты, төтенше жағдайлар департаменті тау шыңдарына шықпауға кеңес береді.

Азаматтарға тау беткейлерінде абай болуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785663-su-tasyp-kskin-zredi-almatyda-dabyldy-eskertu-zarialandy.html