RU

Ақтөбе облысында локомотив көлікті қағып өтті: Бір адам қаза тапты (видео)

Ақтөбе-Орынбор тас жолында жеңіл көлік пен локомотивтің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/zello.aktobe
Видеодан кадр: instagram.com/zello.aktobe: Instagram

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат алты шамасында, "СинОйл" мұнай базасының маңында болды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Chevrolet Niva жүргізушісі теміржол өткеліне шығып, локомотивпен соқтығысқан.

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырыпты. Ал жолаушы жарақаттанып қалған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785666-aktbe-oblysynda-lokomotiv-klikti-kagyp-tti-bir-adam-kaza-tapty-video.html