RU
Шымкенттік жігіт сүйіктісіне әуеде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

Шымкенттік жігіт сүйіктісіне әуеде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік тұрғын әуе шарымен аспанға көтеріліп, сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Бұл орайда жігіт қалада өткен әуе шарлары фестивалінің көмегіне жүгінген деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттік жігіт сүйіктісіне әуеде ұсыныс жасады

Фото: видеодан үзінді

Сүйген қызымен бір жылға жуық уақыт кездескен Рақымжан болашақ жарына отбасын құруға ұсыныс жасауды ойлап жүрген екен.

Сәтін салып дәл сол кезде Шымкент қаласында әуе шарларының фестивалі өтетіні хабарланыпты.

"Шынымды айтсам күтпеген жерден болды. Өте қуаныштымын", - деді қалыңдық Әмина Жолдасбекова

Күйеу жігіт ұсыныс білдіру операциясына қалай кіріскенін баяндап берді.

"Мен одан "маған тұрмысқа шыққың келе ме?" деп сұрадым. Ол "иә" деп жауап берді. "Менімен бірге тұрып, балаларымыздың болғанын қалайсың ба" десем, "иә" деді. Ендеше ұсыныс жасамаймын дегенімде, онсыз тұрмысқа шықпайтынын айтты.
Оңтайлы сәтті күтіп жүргенімде осы фестиваль туралы естідім. Келіп, ақылдасып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым. Өкінбеймін деп үміттенемін", - дейді Рақымжан Юлдашев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel