RU
"Қатаң жазаланады": ХОК президенті Полторанин іліккен допинг дауына пікір білдірді

"Қатаң жазаланады": ХОК президенті Полторанин іліккен допинг дауына пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах австриялық Зефельдте шаңғы спортының түрлерінен өткен әлем чемпионатында допингке қарсы ережелерді бұзғандардың қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz, zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Фото: sports.kz, zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Томас Бах 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткен чемпионаттағы допинг дауына қатысты пікір білдірген.

"Зефельдқа қатысты мән-жайдың бәрі анықталып, құпия ашылады деген үміттеміз. Кінә толықтай дәлелденген жағдайда спортшылар мен дәрігерлер қатаң әрі жедел түрде жазаланады" , - деді комитет президенті.

Айта кетейік, Австрияның Зефельд қаласында допингке қарсы рейд жүріп, полиция бес шаңғышы тұтқындаған.

Допинг қолданды деген күдікпен ұсталған спортшылардың арасында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де болған еді.

Оған қоса, Эрфурт атты неміс қалашығында шаңғышыларды тыйым салынған заттармен қамтамасыз еткен спорт дәрігері Марк Шмидт тұтқындалды

Спортшылар қан түріндегі допингті қолданғаны үшін айыпталуда.

Бұған қатысты мәлімдеме жасаған Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алексей Полтораниннен қан түріндегі допинг анықталмағанын айтқан еді.

Елді шулатқан оқиғаға қатысты пікір білдірген Полторанин де өмірінде ешқашанда допинг қолданбағанын мәлімдеп, бұндай жағдайдың орны алғаны үшін халықтан кешірім сұраған болатын.

Сондай-ақ, шаңғышы осы уақытқа дейін бірнеше сараптама жасалғанын, олар тыйым салынған препаратты қолданбағанын көрсеткенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel