RU
Оралда жолаушылар автобусы 82 жастағы әжейді қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда жолаушылар автобусы 82 жастағы әжейді қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Оралда жолаушылар автобусы жолдың тиісті емес жерінен өткен қарт әйелді қағып кетті. Зардап шеккен азаматша ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kp.kz

Көрнекі фото: kp.kz

Полиция департаментінде хабарлағандай, жол апаты 28 наурыз күні таңертең Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында болған.

"№2 жолаушылар автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 82 жастағы әжей ауруханада көз жұмды", -деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 345- бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel