RU
Тікұшақ апаты: Аға сержант соңғы рет туыстарымен 22 наурызда жүздескен
Жаңалықтар Қоғам

Тікұшақ апаты: Аға сержант соңғы рет туыстарымен 22 наурызда жүздескен

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы маңында апатқа ұшыраған тікұшақта қаза тапқандар арасында 40 жастағы аға сержант Мұрат Шарипов та бар. Марқұм соңғы рет туыстарымен 22 наурызда жүздескен деп хабарлайды "Жас алаш" басылымы.

Марқұмның туыстары. Фото: "Жас алаш" басылымы

Марқұмның туыстары. Фото: "Жас алаш" басылымы

Қаза тапқан талдықорғандық азаматтың артында әйелі мен төрт баласы қалған.

Марқұмның туғандары оны арулап, ақтық сапарға шығарып салу үшін ұлдарының сүйегін күтіп отыр.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экипаж мүшелерінің қаза болғанын жеткізіп, олардың жақындарына көңіл айтты.

Бүгін Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, борттағы 13 адамның барлығы қаза болғанын хабарлады.

Қаза тапқандардың бірі 37 жастағы талдықорғандық - Асхат Абдулманат. Кіші сержанттың артында 15 жыл отасқан жұбай мен кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.

Тағы бір қаза тапқан азамат Мирас Жұматаев 28 жаста. Марқұмның анасы ұлын соңғы мәрте жұмысқа жібергесі келмегенін айтты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel