Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтерді көрмей ақша ұстатқан павлодарлық тұрғындар сан соғып қалды

Опубликовано:

Павлодарлық екі тұрғын пәтер жалдамақ болып, алаяқтар тұзағына түскен деп жазады Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Пәтер жалдамақ болған павлодарлықтар 45 мың теңгені алаяққа ұстатқан
Фото: pavon.kz: Facebook

Тұрғындар сайттардың бірінен пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы хабарландыру тауып, пәтер "иесімен" сөйлескен. Бірақ олар жылжымайтын мүлікті көрмей ақшасын төлеп, пәтер кілттерін алған.

Алайда айтылған мекенжайға барғанда, бір бау кілттің біреуі де жарамаған. Хабарландыру авторымен хабарласқанда ол шатасқанын алға тартып, мүлде жоқ мекенжайды айтқан.

Алаяққа тап болғанын түсінген азаматтар полицияға хабарласқан.

Полицейлер алаяқты анықтап, 28 жастағы ер азаматты тұтқындады.

Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785731-pterdi-krmej-aksa-statkan-pavlodarlyk-trgyndar-san-sogyp-kaldy/

pixel