Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңізге ешқашан айтуға болмайтын сөздерді білесіз бе?

Опубликовано:

Бір шаңырақ астында тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың ашуланған кезде бір-біріне түсіністік танытып, әрдайым келісім келгені абзал. Тіпті, күнделікті өмірде де жұбайлар сөз құдіретін ұғына білу керек. Ендеше, жанұяның түтінін түтеткен әйел күйеуіне қандай сөздер айтпау керек? Бұл сұраққа ERNUR.KZ сайты жауап береді.

Көрнекі фото: zen.yandex.ru
Көрнекі фото: ladykisa.com: Facebook

1. Сыйлығың үшін рахмет! Бірақ, маған сары түсті гүлдер ұнамайды...

Жолдасыңыз сізге қандай да бір сыйлық берсе, "ұнамайды" деп айтудан аулақ болыңыз. Егер берген сары гүлі көңіліңізден шықпаса, жай ғана алғыс айтып, келесі жолы қандай гүл ұнайтынын ыммен түсіндіргеніңіз абзал. Мәселен, гүл сататын дүкеннің жанынан өтіп бара жатқанда "Мынаған қарашы, қып-қызыл раушан гүлдері көзді қуантады, иә?" десеңіз, ол сізге қып-қызыл раушан гүлдерінің ұнайтынын білетін болады.

2. Маған уәде беріп едің ғой...

Жұбайыңыз аптаның соңғы күні, демалыс уақытында асханадағы жөнделуі тиіс құрылғыны түзетуі керек еді. Бірақ, ол теледидардан жаңалықтар немесе сүйікті футболының уақытын өткізіп алмау үшін жатып алды.

Уәдешіл күйеуіңізді орындамаған уәдесі үшін айыптауға асықпаңыз. Барлық "кінәні" өз мойныңызға алып, "саған айтамын деп ұмытып кетіппін. Асханадағы су құбырынан су тамшылап тұрған еді, енді тіптен үдеп барады. Енді не істейміз? Құбыр істен шықса, аққан суды тоқтата алмай қалмаймыз ба?" дегеніңіз бұйрық емес, өтініш болып естіледі.

3. Өткен өміріңіздегі "ғашық болғандар"...

Жолдасыңызға бұрынғы таныстарыңызды (ер азамат) көргеніңізді жіпке тізгендей айта бермеңіз. Ештеңе болмағанымен, сізге артық сөз айтпағанымен, оның қызғанышын оятасыз. Ештеңе демеуі мүмкін, бірақ, күйеуіңіздің көңілінде бәрібір күдік қалдырасыз.

4. Не істеу керектігі жөнінде нұсқау бермеңіз...

Жолдасыңызбен ақылдасыңыз, кеңесіңіз, бірақ, бұйырудан аулақ болыңыз. Ер адам шамданып қалудан бұрын, күйеуіңізге нәзік, мейірбан әйелдің орнына "қатал ана" кейпіне енесіз.

5. Менің орнымда басқа әйел болғанда шыдай алмас еді... Біз әдетте, осы сөзімізден кейін күйеуіміздің "жолым болған екен, сабырлы, төзімді, баға жетпес әйелім бар!" деп ойлағанын қалаймыз. Өкінішке орай, бұлай ойлау қате. Керісінше, жолдасыңыз "мен не істесем де шыдай береді. Демек, қалағанымды істеуге мүмкіндігім бар" деп ойлайды.

Егер отбасыңызда көңіліңіз толмайтын, сіздің тағатыңызды тауысып, ашуыңызды келтіретін жағдай туындай қалса, бұл жөнінде жасырып қалуға болмайды. Күйеуіңізбен ашық сөйлескеніңіз дұрыс.

Өйткені, сабырлы әйел барлық еркекке ұнайды, бірақ, онымен бірге өмір сүру "қызықсыз". Өзін құрметтейтін, бағалайтын әйел өз кезегінде жұбының да құрметі мен ілтипатына бөленеді. Сүйікті жары атанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785739-kjeuiizge-eskasan-ajtuga-bolmajtyn-szderdi-bilesiz-be/

pixel