RU
Апатқа ұшыраған Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

Апатқа ұшыраған Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан қарулы күштері Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшуларын тоқтатты деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда апатқа ұшыраған Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

Көрнекі фото: riafan.ru

"Қорғаныс министрі генерал-майор Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды. Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel