RU
Қорғаныс министрі Ми-8 тікұшағы құлаған жерге келді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қорғаныс министрі Ми-8 тікұшағы құлаған жерге келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерге келіп, оқиға орнында жұмыс істеп жүрген мамандардың баяндамаларын қабылдады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қорғаныс министрі тікұшақ құлаған жерге барды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сапар барысында қорғаныс министрі авиациялық апаттың себептері толық анықталғанға дейін бір типті тікұшақтардың (Ми-8, Ми-17, Ми-171) ұшуларын тоқтатуды, сондай-ақ "Алтын жебе" оқу-жаттығуы барысында осы тікұшақ типтерінің қолданылуын топшылайтын іс-қимылдарды тоқтату жөнінде шешім шығарды.

Арнайы мамандарға апатты жан-жақты әрі дәйекті тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен өткізуді, ұшуды қамтамасыз етуге қатысқан барлық қызметтер мен лауазымды адамдардың іс-қимылдарына баға беріп, апатқа әкеп соқтырған барлық жағдайды анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар министр іздестіру мен шұғыл сәйкестендіруді, сот медициналық сараптаманы қамтамасыз ету және тергеу органдарымен келісу арқылы мәйітті жерлеу орындарына жеткізуді міндеттеді.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету және заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдерді өтеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қаза болғандардың отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешу, шефтілік пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін командалық құрам санынан жауапты лауазымды адамдарды бекіту туралы шешім қабылданды.

Оқиға болған жерде арнайы құрылған комиссия өз жұмысын жалғастыруда.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel