RU
Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына бір миллион теңгеден көмек беріледі

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына бір миллион теңгеден көмек беріледі

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына бір миллион теңгеден көмек берілетінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.  

Ералы Тоғжанов. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ералы Тоғжанов. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бүгін облыс басшысы Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған эскадрилья командирінің орынбасары, майор Роман Костыговтың отбасына арнайы барып, көңіл айтып қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді. 

"Қайғылы оқиғада қаза тапқан, Маңғыстауда 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарып жүріп, марқұм болған қызметкерлердің отбасына Маңғыстау облысы әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінді материалды көмек көрсетіледі"-деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel