RU
Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, заттарын ұрлап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, заттарын ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің астанасы Мәскеуде такси жүргізушісі жолаушыға дәрі қосылған шырын беріп, заттарын ұрлады деп жазады Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: iney.su

Көрнекі фото: iney.su

"З наурыз күні түнгі 01.00-мен таңғы сағат 05.00 аралығында такси жүргізушісі жолаушыға дәрі қосылған сусын берді. Ер азаматтың жалпы сомасы 108 мың рубль (635 мың теңгеге жуық) болатын жеке заттары ұрланды", - делінген мәскеулік полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Жүргізуші жолаушының ұялы телефоны, сағаты мен алтын сақинасын қолды етіп, ізін суытқан.

Біраздан соң есін жиған жолаушы заттарының ұрланғанын байқапты. Бірақ оларды іздеуге бірден кірісе алмапты.

Ер азамат дәріден уланып, ауруханаға жеткізілген.

Материалдық шығын көлемі 108 мың рубльге бағалануда.

Ресейдің қылмыстық кодексінің "тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оңай жолмен пайда таппақ болған такси жүргізушісі кеше, 27 наурыз күні қолға түсті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel