RU
Абаев "Қаламқас" кен орнындағы өртке қатысты пікір білдірді

Абаев "Қаламқас" кен орнындағы өртке қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" мұнай-газ кен орнында басын қауіпке тігіп, өртті сөндірген азаматтарға алғыс білдіру қажеттігін айтты. Бұл туралы ол "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: ru.egemen.kz

Фото: ru.egemen.kz

"Жалпы, мұнай өндіру саласында, әсіресе ұңғымаларды бұрғылау кезінде өрт қаупі туындауы әбден мүмкін. Бұл жерде мәселе тек адами факторда емес. Дегенмен, адами фактор болуы да мүмкін. Мамандар маған түсіндіріп бергендей, бұрғылау кезінде көп жағдайда газ өте қатты қысыммен сыртқа шығады. Осының салдары апатқа алып келеді.
Статистика бойынша, жыл сайын әлемде мұнай өндіру нысандарында мың жарымға тарта апат орын алып жатады. Олардың көбінде өрттер шығады, мұнай тасып шығып жатады. Бақытымызға қарай, "Қаламқаста" мұнайдың тасуы орын алған жоқ", - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуына қарағанда, өртке қарсы күреске барлық күштер жұмылдырылған.

"Өз өмірін қауіпке тігіп, өртпен күрескендерге барлығымыз алғыс айтуымыз керек. Ең бастысы, одан зардап шеккендер жоқ. Жақын арадағы елді мекендердің халқына өрт жағдайы ешқандай қауіп туындатқан жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, "Қаламқастағы" өрт 25 наурыз күні таңғы жеті шамасында басталған. Өрт 28 наурыз күні сөндірілген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel