RU
Тікұшақ апаты: Капитан Сырым Мәсәлім ұшқыш болуды бала кезден армандаған
Жаңалықтар Қоғам

Тікұшақ апаты: Капитан Сырым Мәсәлім ұшқыш болуды бала кезден армандаған

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында болған капитан Сырым Мәсәлім бала кезден ұшқыш болуды армандаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тікұшақ апаты: Капитан Сырым Мәсәлім ұшқыш болуды бала кезден армандаған

Фото: Хабар 24 Коллаж:KAZ.NUR.KZ.

Сырым ауданы Аралтөбе орта мектебінің директоры Бекет Қабасовтың айтуынша, Сырым Мәлкейұлы 1989 жылы 11 желтоқсанда Аралтөбе ауылында дүниеге келген.

Бала кезден ұшқыш болуды армандаған ол 2007 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтына оқуға түскен.

Институтты 2011 жылы тәмамдағаннан кейін Ақтау қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарды.

Марқұмның артында жары мен үш жасар ұлы қалды. Ата-анасы Орал қаласында тұрады.

"Сырым байсалды еді. Кішкентайынан спортқа бейім болды. Күрес, волейболмен шұғылданатын. Біз оны ұмытпаймыз. Мектепте де еске алу шараларын ұйымдастыратын боламыз", - деді мектеп директоры Қабасов.

Марқұмның Оралда тұрып жатқан ата-анасына қала әкімі Мұрат Мұқаев барып, облыс басшысы атынан көңіл айтты.

Орал қаласы әкімдігі капитан Сырым Мәсәлімнің жерлеу шараларын өз мойнына алады.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ қорғаныс министрі Ми-8 тікұшағы құлаған жерге барған болатын.

Апат орнынан 10 әскеридің денесі табылды.

Сырым Мәсәлім продюсер, ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтың бала кездегі досы болған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel