RU
Ақтөбеде студенттерден баға үшін 80 мың теңгеге дейін ақша сұрайтын мұғалімдер анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде студенттерден баға үшін 80 мың теңгеге дейін ақша сұрайтын мұғалімдер анықталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік студенттер емтихан кезінде тәуір баға үшін ақша беретіндерін жайып салды. Арасында дастархан жаюды сұрайтын да ұстаздар бар деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл туралы арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды. Оған мың жарым студент қатысқан.

Білім алушылардың жартысынан көбісі баға үшін пара бергендерін мойындапты.

Медициналық және педагогикалық университет ұстаздары үстінен шағым көп түскен. 

Сауалнама нәтижесінде мұнда ұстаздар сынақ кезінде бес мың теңгеден бастап 80 мың теңгеге дейін пара алатыны белгілі болған.

Студенттер ақша сұрайтын мұғалімдердің аты-жөнін жазып берген.

Енді онымен құзырлы мекемелер айналысатын болады.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Расул Медетов мән-жайды анықтайтынын жеткізді.

"Құқық қорғау органдары мен жоғарғы оқу орындарының басшылары бұл анкетированиеде көрсетілген мән-жайлардың барлығын анықтау қажет. Шындығына көз жеткізу керек. Ол шындық па, әлде жоқ па. Шындық болса әркім өзінің құзірет шегінде белгілі бір шаралар қолдану керек", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel