RU
Алматыда полиция қызметкерлері Атырауда қаза болған әріптесін еске алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда полиция қызметкерлері Атырауда қаза болған әріптесін еске алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда полиция қызметкерлері жұмыс күнін Атырау қаласында бойжеткенді құтқару үшін суға түсіп, қаза болған Шалқар Ақымғалиевті бір минуттық үнсіздікпен еске алып бастады. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Жол-патрульдік полициясының кешенді күші таңғы үзілісті бір минут үнсіздікпен бастады.

Қаланың екі жарым мың полиция қызметкері Атырауда бойжеткенді құтқару үшін суға түсіп, қаза тапқан әріптесін еске алды.

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полкінің командирі Манап Саттаровтың айтуынша, жауынгердің бейбіт уақытта қаза тапқаны ауыр тиеді.

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Сонымен қатар, Шалқар Ақымғалиевтің қайтыс болуы жас жігіттің отбасы мен жақындары үшін үлкен қайғы екенін атап өтті.

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

фото: Алматы қалалық полиция департаменті

"Ішкі істер органдарының тарихы адамдарды құтқару үшін өмірін қиған әріптестеріміздің ерен істеріне толы", - деді полиция полковнигі.

Саттаровтың айтуынша, Шалқар Ақымғалиевтің ерлігі көпшіліктің есінде мәңгілікке қала береді.

Еске сала кетcек, Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген аруды құтқарып, өзі қаза болған еді.

Жас жігіттің отбасын құрамын деп жүргені белгілі болды.

Ерлікпен қаза тапқан сержанттың отбасына Дариға Назарбаева көңіл айтқан. Ол Шалқар Ақымғалиевтің батылдығы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel