Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркияда білім алып жатқан қазақстандық блогер белгісіз жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Эльдана Кахарман
Фото:kanal23.com: Facebook

Түркияда Фырат университетінде білім алып жатқан, 21 жастағы қазақстандық студент Елдана Қаһарман қайтыс болды. Бұл туралы Елдана тілші ретінде жұмыс істеген Kanal 23 арнасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдана Қаһарманның қазасы жайлы суыт хабар алған Елазыг Республикалық Халық партиясының депутаты Гүрсел Эрол Кanal23 медиа топ мүшелерімен кездесті.

"Өмірге деген құлшынысы мол, жас қарындасымыздан айырылғанымызға қатты қайғырып отырмыз", - деді Гүрсел Эрол.
БАҚ: Түркияда білім алып жатқан қазақстандық блогер белгісіз жағдайда көз жұмды
Фото: kanal23.com: Facebook

Hurriyet басылымының мәліметінше, Елдананың денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Қазіргі уақытта студент өзіне қол салды деген болжам қарастырылуда екен.

Фырат университетінің екінші курс студенті Елдана Қаһарманмен байланыса алмаған достары Йылдызбаулары ауданындағы үйіне барған.

Есікті темір ұстасына ашқызған достары Елдананы ас бөлмесінде қимылсыз жатқан күйде тапқан деп жазады басылым.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Қаһарманның қайтыс болғанын хабарлаған.

Сайттың мәліметінше, Елдана Қаһарманның жансыз денесін Фырат университеті ауруханасының мәйітханасына жеткізілген.

Елазык полицейлері оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785872-bak-trkiada-bilim-alyp-zatkan-kazakstandyk-bloger-belgisiz-zagdajda-kz-zmdy/

pixel