RU
Ақорданың ресми сайтында Тоқаевтың ажырасқаны жайлы ақпарат пайда болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақорданың ресми сайтында Тоқаевтың ажырасқаны жайлы ақпарат пайда болды

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған мемлекет басшысының өмірбаянында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото:qazaquni.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото:qazaquni.kz

Президенттің өмірбаянында мансаптық жетістіктерінен бөлек, оның ажырасқаны мен ұлы бар екені айтылған. Тоқаевтың бұрынғы әйеліне қатысты ақпарат жоқ.

Оған қоса, мемлекет басшысының салауатты өмір салтын ұстанатыны жазылған. Ол көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

"Википедияда" да президенттің отбасылық жағдайына қатысты мәліметтер толықтырылған. Онда Тоқаевтың 1957 жылы дүниеге келген Ндежда Давыдовна Тоқаевамен ажырасып кеткені көрсетілген.

Желіде мемлекет басшысының бұрынғы әйелі туралы ақпарат жоқтың қасы. Тек аты-жөні мен өз кәсібі болғаны белгілі.

Сіздің реакцияңыз
23
1
1
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel