RU
Қазақстанның бұрынғы қақпашысы "Ақтөбе" клубын сотқа берді
Жаңалықтар Спорт

Қазақстанның бұрынғы қақпашысы "Ақтөбе" клубын сотқа берді

Рассказать Вконтакте

"Ақтөбенің" бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников доп тепкен клубын сотқа бергенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Иә, "Ақтөбе" ФК-ны сотқа бердім. Өзімнің адал тапқан ақшамды сұрап отырмын! Бұл клубқа 9 жылымды арнадым, туыстарымнан алыс тұрдым, денсаулығымды құрттым. Адал жолмен тапқан табысымды ешкімге бере салмаймын.
2017 жылғы командалық ақша кімнің қалтасына кеткенін де білемін. 2018 жылы қаңтарда мансабымды аяқтаған соң, бірден клуб басшыларын хабарласып, қарызымды қайтарып алуға әрекет ететінімді айттым.
Сол уақытта "ақшаны тек сот арқылы ғана аласың" деген жауапты естідім", - дейді Андрей Сидельников.

Еске сала кетсек, 29 ақпанда Сидельников "Ақтөбе" футбол клубының үстінен қалалық сотқа арыз жазып, 25 миллион 592 мың теңге көлемінде ақша өндіріп алғысы келетінін айтты.

Андрей Сидельников "Ақтөбе" клубымен бірге Қазақстан чемпионатында үш мәрте жеңіске жеткен. Ол үлкен спорттағы мансабын 2018 жылдың қаңтарында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel