Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин қызды болды (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин екінші мәрте әке атанды. Әншінің жақын досы өнер иесінің қызды болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин екінші рет қызды болғанын өз парақшасында хабарламағанымен, әншінің қуанышты жаңалығын біліп алған желі оқырмандары оған құттықтауларын жаудырған.

Сондай-ақ, Абдуллиннің жақын досы Нұржан Аташ Instagram желісінде елден сүйінші сұрап, кіндік әке атанғанын жеткізді.

Оның жазбасына сәйкес, әншінің екінші перзенті 27 наурыз күні дүниеге келген. Өнер иесі қызына Табиғат деген есім берген.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллинның тұңғышы да қыз бала.

"Кішкентайыңыздың бауы берік болсын" , "Екінші рет әке атануыңызбен" , "Қызыңыздың жасы ұзақ болсын. Бақытты ғұмыр кешсін" , "Нұрболат ағаның қызына кіндік әке болғансыз ғой" , "Құтты болсын Нұрболат аға.
Табиғаттың жасы ұзақ болсын" , "Нұрболат аға қызыңыздың бауы берік болсын. Үлкен азаматша болып өссін", "Абдуллин досыңыздың қызына кіндік әке болыпсыз. Сізге де бұйырсын болашақта" , "Табиғат қандай ерекше есім. Бөпеңіздің бауы берік болсын - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785894-nrbolat-abdullin-kyzdy-boldy-foto/

pixel