RU
Тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында жеті баласы қалған
Жаңалықтар Қоғам

Тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында жеті баласы қалған

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болған майор Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түсіңізде неке көйлегін көру нені білдіреді?

Сабыр Тоқбаев

Әскери қызметкердің бауыры Нұрлан Асылбаевтың айтуынша, Сабыр Шымкентте дүниеге келіп, сонда тұрған. Әскери авиацияда қызмет еткен. Майордың артында әйелі мен жеті баласы қалды, кенже баласы - үш жаста. Ақтауға іссапармен барған.

"Бокстан спорт шебері. Мейірімді еді, барлығына көмектесетін, әскерден келген жастарды жұмысқа орналастыратын. Бірге өскен едік. Сабыр зейнетке шығайын деп жүрген еді. Артында жеті баласы қалды, тұңғышы - тоғызыншы сынып оқиды, кенжесі - үш жаста. Төрт ұлы мен үш қызы бар", - деді Нұрлан Асылбаев.

Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланғанда Сабыр Тоқбаевтың есімі жарияланбаған. Сондықтан туыстары соңына дейін оның қаза болғанына сенбеген.

Қазір әйелінің жағдайы ауыр, оған жарты сағат сайын жедел жәрдем көлігі шақыртылып жатыр.

Сабыр Тоқбаевтың былтыр әкесі қайтыс болса, үш жыл бұрын анасынан айырылған екен.

Ол Шымкентте жерленеді. Бірақ туысқанының айтуынша, нақты күні әлі белгіленбеді, себебі бірнеше сараптама жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экипаж мүшелерінің қаза болғанын жеткізіп, олардың жақындарына көңіл айтты.

28 наурызда Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, борттағы 13 адамның барлығы қаза болғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel