Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Опубликовано:

Павлодар облысының Красноморейка ауылында мектеп оқушысының үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Ауыр конструкция оқушылардың бірінің үстіне құлағанда олар апаттық кішігірім футбол алаңында ойнап жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап түсті

Оқиға 25 наурыз күні сағат 20:00- де болған. Балалар футбол алаңына кірген.

Оқиға орын алған соң, жеткіншектер бірден жақын аралықта тұрған пошта қызметкерін көмекке шақырды.

"Мен жүгіріп келіп қарағанда бала қозғалыссыз жатты. Зәрем ұшты. Бірнеше бала жанымызда тұрды, ал солардың біреуі зардап шегушінің қасында отырды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым. Кейін жергілікті фельдшерді алып келдім.
Ол балаға алғашқы көмек көрсеткеннен кейін 25 минуттан соң жедел жәрдем келді", - дейді ауыл тұрғыны Құралай Ұнайбаева.

Балақай павлодарлық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол ашық бас сүйек-ми жарақатын алған, бас сүйегі көп жерден сынған.

Қазір ол комада жатыр. Оқушыға ота жасалды.

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Жергілікті мектеп өз кезегінде кішігірім футбол алаңының 2018 жылы мектеп қарамағына өткенін айтты.

2013 жылы салынған алаң бүгінгі таңда апатты жағдайда тұрған. Алаң ресми түрде жабық тұр. Алайда мектеп қызметкерлері орнатқан құлыпты оқушылар әркез бұзып, қоршауда тұрған торларды сындырады екен.

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785909-pavlodar-oblysynda-balany-stine-futbol-kakpasy-klap-ketti/

pixel