RU
Мысықтың елесін құшақтаған қазақ жігіті оны Құран сүресімен "қуып" жіберген
Жаңалықтар Қоғам

Мысықтың елесін құшақтаған қазақ жігіті оны Құран сүресімен "қуып" жіберген

Рассказать Вконтакте

Өз үйінде мысықтың елесін көрген азамат жұртқа жан сырын ақтарды. Құшағына күлгін мысықты басып тұрған ол өз мысығы пырылдап ұйықтап жатқанын көріп, шошып кеткен деп хабарлайды el24.kz.

Көрнекі фото: el24kz

Көрнекі фото: el24kz

Жұмыстан шаршап келген Еркін ұйқыға кетіп, жұбайы асқа шақырған соң ғана оянады. Дәлізге шыға берген сәтте мысығы оның аяғына орала кетіп, кедергі жасай бастайды.

Тарғыл түсті мысығының неліктен күлгін болып өзгеріп кеткеніне таңданған Еркін оның бауырына жабысып, кеудесін тырналап, ерсі қылық танытқанына ойлана қарайды.

Сол мезетте жұбайы келіп, отағасынан не істеп жатқанын сұраған екен.

"Мысықты ойнатып отырмын", – депті Еркін сол сәтте.

Сонда таңырқаған келіншек мысығының кілемде пырылдап ұйықтап жатқанын айтыпты.

Еркін аң-таң болып, біресе қолындағы, біресе кілемде жатқан мысығына қарайды.

"Бұл қалай, әлде қолымдағы мысық көрші үйдің мысығы болғаны ма?" - деп ойланып қалған.

Артынша Еркіннің әйелі күйеуіне оның тағы елес көріп жүргенін түсіндіреді.

Далаға шығысымен Еркін айбат шегіп тұрған мысыққа "Бар өз әлеміңе, енді мені мазалаушы болма" деп Құранның қасиетті дұғаларын оқи бастағанда "елес мысықтың" мысы басылып, көзден ғайып болыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
6
5
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel