RU
Төртінші мәрте үйленген әйгілі актер төрт күннен соң ажырасып кеткен

Төртінші мәрте үйленген әйгілі актер төрт күннен соң ажырасып кеткен

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі актер Николас Кейдж төртінші рет үйленіп, некелесуден кейін төрт күн өте салысымен ажырасып кеткен. Жұлдызды жұптың мұндай шешіміне не түрткі болғанын әзірге белгісіз деп жазады super.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Бірнеше күн бұрын Николас Кейдж пен оның сүйіктісі Эрика Койкені некеге отыру рұқсаттамасын алған жерден көріп қойған болатын.

The Blast басылымы ол құжаттың ертерек беріліп үлгергенін хабарлап, дәл сол күні ол ресми түрде төртінші мәрте үйленгенін жеткізген.

Күллі әлем бірден Николас Кейджді құттықтауға кіріседі. Бірақ, әлемдік жұлдыздың қуанышы ұзақа созылмаған.

Некелесуден кейін араға төрт күн салып, ерлі-зайыптылар ажырасып кетіпті. Кейдж бұл үрдістің орынды өтетініне сенім білдіруде. Ал егерде ажырасу күрделене түссе, толыққанды үрдіске дейін баруға дайын екенін айтты.

Николас пен Эрика бір жылға жуық уақыт бірге болды. Оның бірінші әйелі Патрисия Аркеттпен отбасылық өмірі алты жылға созлыған.

Екінші рет ол Элвис Преслидің қызына үйленді. Онымен Николас үш айдан соң ажырасып кеткен. Ал үшінші мәрте актер даяшы Элис Ким Кейджді жар еткен.

Сіздің реакцияңыз
3
5
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel