RU

Атыраудағы сауда орталығында қыздар айна үшін төбелесіп қалды

Атыраудағы сауда орталығында жас қыздар айнаға таласып, төбелесіп қалды деп жазады ATPress.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kremlin-press.ru
Көрнекі фото: kremlin-press.ru: Facebook

Оқиға 26 наурыз күні сауда орталығындағы дүкендердің бірінде орын алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, 23 және 20 жастағы екі қыз аяқ киім дүкенінде айнаға таласып қалған.

Алғашында кикілжіңнен бастап, артынша төбелескен қыздарды, тіпті, полицейлер де әрең тоқтатыпты.

Екі бойжеткен бірден бөлімшеге жеткізілді. Оларға қатысты ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін хаттамалар жасалды.

Сонымен қатар, арулардың бірі дүкен қызметкерін қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786013-atyraudagy-sauda-ortalygynda-kyzdar-ajna-sin-tbelesip-kaldy.html