RU
Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды

Рассказать Вконтакте

28 наурыз күні Алматы облысы Райымбек аудандық ауруханасына иіс газынан уланған алты науқас — бір әйел мен бес бала түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Бейсенбі күні таңертең Нарынқол ауылында тұратын келіншек пен оның бес баласы иіс тиіп уланып қалған.

"Бастапқы мәлімет бойынша, қатты отынмен жанатын пеш бұзылып, отбасы мүшелері уланып қалған. Отағасының айтуынша, мұржаны 2018 жылы қазанда тазартыпты, ал 12 қаңтарда қызметкерлеріміз үй иесіне жылыту маусымында қауіпсіздік ережесін сақтау туралы нұсқаулық берген болатын", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір анасы мен 2005, 2006, 2016 жылы туған үш баласының жағдайы орташа, ал 11 жастағы ер бала ауыр халде жатыр.

2009 жылы туған бала жеңіл-желпі уланғандықтан, дәрігерлер ауруханадан шығарыпты.

Құтқарушылар жеке үйде тұратындарға мұржаны тексеріп, күлден тазарту керектігін ескертті, себебі күн жылынғанда мұржа дұрыс тартпай қалады.

Сіздің реакцияңыз
0
4
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel