RU
Алматыда күтушісі қайтыс болған қарт әжей бір апта бойы мәйіттің жанында жатқан

Алматыда күтушісі қайтыс болған қарт әжей бір апта бойы мәйіттің жанында жатқан

Рассказать Вконтакте

Алматының 86 жастағы тұрғыны кенеттен қайтыс болған күтушісінің жанында бір апта бойы жатқан. Арада бір апта өткенде зейнеткердің көршілері бір сұмдықтың болғанын жағымсыз иістен білген деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото:exploringyourmind.com

Фото:exploringyourmind.com

Қайғылы оқиға Нұркент шағын ауданында орын алған.

Көршілердің айтуынша, 86 жастағы әжейдің күтушісі аяқ астынан қайтыс болып кеткен. Ал науқас қария күтушісінің қайтыс болғанын ешкімге хабарлай алмаған. Осылайша бір апта бойы мәйітпен өмір сүрген. 

Күтуші қайтыс болғанда, есік іштен бекітулі болған. Оқиға орнына  жедел жәрдем мен полиция шақырылды.  Полиция адам өлімінің болғанын растады. 

"Иә, әйел адам қайтыс болып кеткен. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлер аяқ астынан болған өлім деді. Мәйіттің қанша уақыт жатқанын арнайы сот-медициналық сараптама анықтайды. Ал пәтерде болған қарт әжей аман. Оны дәрігерлер алып кетті", - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

90-ға таяп қалған қарт әжей ауыр дертіне байланысты күтушісінің қайтыс болғаны туралы хабарды ешкімге жеткізе алмаған. Бір апта бойы тамақ пен сусыз жатқан қария ауруханаға жеткізілді. 

"Пациенттің жағдайы ауыр. Оның жүрегінде ишемиялық ауруы болған. Аралас генезді энцефалопатиясы бар және құлағы жақсы естімейді. Түскен кезде Кахекси́я диагнозымен түсті. Яғни, ағзасы қатты жүдеген", - деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
4
4
10
38
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel