Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ит талап өлтірген 3 жасар қызға қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

Алматыда өз үйінің иттері аулада талап өлтірген үш жасар қызға қатысты тың деректер шықты деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция Департаментінің ақпаратына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото:Цензор.НЕТ
Фото:Цензор.НЕТ: Instagram

Полиция Департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты Алатау аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 104 бабымен іс қозғалған.

"Үш жасар қыз өз үйінің ауласында қайтыс болды. Қайғылы жағдай  орын алып жатқан сәтте қыздың әкесі үйде болған. Ротвейлер тұқымдас иттерді арнайы қызмет мамандары алып кетті. Істі анықтау үшін қазіргі сәтте тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 29 наурыз күні, күндіз Алатау ауданының Құрылысшы шағын ауданында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786027-almatyda-it-talap-ltirgen-3-zasar-kyzga-katysty-ty-derek-sykty/

pixel