RU
Тікұшақ апаты: Қаза тапқан екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Тікұшақ апаты: Қаза тапқан екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында қаза тапқан әскерилердің мүрделері түгел табылып, алтауының жеке басы анықталды. Апат орнынан бүгін жеткізілген үш марқұмның денелері зерттеліп жатыр. Сараптама жүргізіп жатқан мамандар, әсіресе, екі әскеридің тұлғасын анықтау аса қиындық тудыратынын айтады деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары Рахымжан Әліптің айтуынша, қазіргі уақытта жеті марқұмның тұлғасына анықтау, сараптама жұмыстары тағайндалған.

"Алтауының тұлғасы анықталды. Жетеуінің тұлғасын анықтау жұмыстары, сараптама жұмыстары тағайындалды. Енді бөлшектеніп кеткен 2 мәйіт бар, соны құрастырамыз, қараймыз, жеке басын анықтаймыз. Ерекше белгілерін анықтаймыз, соған байланысты. Және киімдері бойынша қараймыз. Сол бойынша анықтау жұмыстарын жүргіземіз", - дейді Рахымжан Әліп.

Тікұшақ апатынан қаза тапқан 13 әскери қызметкердің де денелері Қызылорда қаласындағы сот-сараптамалық орталықтың мәйітханасына жеткізілген еді. Кім екені нақтыланғандарды бүгін облыстық аурухананың мәйітханасына ауыстырып жатыр.

Жоспар бойынша оларды ертең туған жерлеріне жіберу керек. Ал, сараптама жүргізіліп жатқандары толық танылған соң қайтарылмақ.

Апат орын алған Жалағаш ауданында қазір төтенше жағдайлар департаменті мен әскери әуе күштерінің сарбаздары тікұшақ қалдықтарын жинауда.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экипаж мүшелерінің қаза болғанын жеткізіп, олардың жақындарына көңіл айтты.

28 наурызда Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, борттағы 13 адамның барлығы қаза болғанын хабарлады.

Қаза тапқандардың бірі 37 жастағы талдықорғандық - Асхат Абдулманат. Кіші сержанттың артында 15 жыл отасқан жұбай мен кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.

Тағы бір қаза тапқан азамат Мирас Жұматаев 28 жаста. Марқұмның анасы ұлын соңғы мәрте жұмысқа жібергесікелмегенін айтты.

Қайтыс болған талдықорғандық Мұрат Шариповтің де артында жұбайы мен төрт баласы қалған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel