RU
Атыраулық полицей байқаусызда жолаушы әйелдің аяғынан атып алды

Атыраулық полицей байқаусызда жолаушы әйелдің аяғынан атып алды

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласының халықаралық әуежайында полиция қызметкері жолаушы әйелдің аяғынан байқаусызда атып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Оқыс оқиғаның видеосы QYZYLQOGA | ATYRAU | 06 Facebook парақшасында жарияланған.

"29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда жеке тексеру бөлмесінде полицияның желілік бөлімінің патрульдік-бекет қызметінің қызметкері абайсызда қарумен оқ атып алған.
Оқиға сағат 17:40 кезінде полицей бір банктің инкассация қызметінің қызметтік қаруларын тексеру барысында орын алған. Оқиға салдарынан қала тұрғынының аяғына оқ тиіп, жарақаттанды. Жолаушы әйел бірден медициналық мекемеге жеткізілді", - деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті өз хабарламасында.

Айта кетейік, аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
3
5
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel