RU
Қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен құтқарып қалды

Қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен құтқарып қалды. Тынысы тарылып, жағдайы нашарлаған балақайға дәрігерлер келгенше алғашқы көмекті шымкенттік Алексей Кудиенко көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алексей Кудиенко. Фото: facebook.com/mehirban.bakieva. Көрнекі фото: LiveJournal

Алексей Кудиенко. Фото: facebook.com/mehirban.bakieva. Көрнекі фото: LiveJournal

Бұл ерлік туралы оқиға куәгері Мехирбан Бакиева өз Facebook парақшасында жазған.

"Киев әуежайында барлығының көз алдында қиын жағдай орын алды. Кішкентай қыздың тынысы тарылып, жерге құлап қалды. Барлығы жүгіріп кетті: Біреулер әуежай қызметкерлерін шақырды, біреулер телефон соға бастады. Қыздың жағдайы уақыт өткен сайын ауырлай бастады, ол дем ала алмай қалды", -дейді әйел.

Келіншектің сөзінше, осы кезде жан-жақта адамдардың барлығы даурығып кеткен.

"Мен оның беті көгере бастағанын көріп, қорыққаннан жылап жібердім", -дейді ол.

Осы уақытқа кішкентай балақайға көмекке топтың арасынан бір жігіт жүгіріп келген.

"Адамдар тыныш тұрып қалды. Кішкенеден соң қыз ауа шығарып, жөтеле бастады. Барлығы естерін жинады, біреу жылады, біреу қуанды. Мен де жыладым. Бұл бір сәтте қуанышты әрі ауыр жағдай еді. Мен жақындап, қызды құтқарып қалған жігітті құшақтадым. Ол да жылап тұрды. Тіпті, қолдары дірілдеп кеткен екен", -дейді куәгер.

Мехирбанның айтуынша, қызды құтқарған азамат Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel