RU
Алматылық азамат массаж жасаушыны зорлап, ұялы телефонын ұрлап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық азамат массаж жасаушыны зорлап, ұялы телефонын ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматылық азамат массаж жасаушыны зорлап, артынша пышақтап, тонап кеткен деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: cross.expert

Көрнекі фото: cross.expert

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қыркүйек айында ішімдікке сылқия тойған азамат әлеуметтік желіде массаж жасау қызметін тауып алған. Ол шебермен келісіп, массажға келген.

Келіншек мас азаматқа массад жасаған соң қызметінің ақысын, 10 мың теңгені сұраған.

Сол мезетте ер адам әйелге тап беріп, сексуалды сипатта қорлық көрсетіпті.

Одан кейін қылмыскер келіншектен ақша сұрап, ішіне пышақ ұрған екен. Артынша теріс жауап естіген ол массаж жасаушының қолын байлап, 400 мың теңге тұратын Ірһоnе 7 plus және 100 мың теңге тұратын LG смартфонын ұрлап кеткен.

Сотта азамат кінәлі деп танылып, 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтін болады.

Сіздің реакцияңыз
8
4
11
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel