RU

Киев әуежайында қызды құтқарған азамат Ұлттық Ұлан қызметкері болып шықты

Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарған Алексей Кудиенко әскери қызметкер болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі: UGC

Бұл ақпарат Facebook желісіндегі Ұлттық Ұлан парақшасында жарияланды.

Анықталғандай, Алексей Кудиенко Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 6506-әскери бөлімінде қызмет атқаруда. Ол "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы байланыс аппаратурасын жөндеу жөніндегі аймақтық орталықтың техник лауазымында жұмыс істейді.

35 жастағы азамат Шымкентте тұрады. Үйленген, екі баласы бар.

Айта кетейік, қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786069-kiev-uezajynda-kyzdy-ktkargan-azamat-lttyk-lan-kyzmetkeri-bolyp-sykty.html