RU
Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарған азамат ұшақта тағы бір аруға көмектескен

Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарған азамат ұшақта тағы бір аруға көмектескен

Рассказать Вконтакте

Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарған Ұлттық Ұлан қызметкері туралы тың деректер шықты. Күйеуінің көрсеткен көмегі жайында сержант Алексей Кудиенконың жұбайы-Вера айтып берді деп хабарлайды Ұлттық Ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алексей Кудиенко. Фото: facebook

Алексей Кудиенко. Фото: facebook

"Біз Доминикан Республикасына демалуға бардық. Бізбен бірге ата-анасы мен Злата есімді кішкентай қыз ұшқан. Оған бір жас, төрт ай болған екен. Киев әуежайындағы қарама-қарсы жолда біз тамақтануға отырдық. Ол қыз ата-анасымен бірге көрші үстелге жайғасты. Бірде анасымен ойнап отырған қыз көзден ғайып болды. Қарасақ, қолында қызын көтерген анасы "Көмектесіңіздер" деп айғайлап жатыр екен.
Оның жұбайы да не істерін білмей қалды. Барлығы қызға қарай жүгіріп кетті. Оның көзі аларып, көгере бастады. Жасанды тыныс алдырды, екінші бетке жатқызды. Бірақ, ештеңе көмектеспеді", -деді келіншек.

Қыздың денесі құрыса бастағанда Вера өз күйеуін шақырған. Алексей қыздың аузын ашып, оны саусақпен итеріп жіберген екен.

"Күйеуім оны қалай істегенін өзі де түсінбей қалды. Осыдан кейін қыз дем ала бастады. Дәрігерлер шақырып, балақайды жансақтау бөліміне алып кетті. Ол үшін барлығы уайымдады. Біз оның жағдайын білдік. Артынша қызды қалалық ауруханаға алып кетті.
Анасының айтуынша, бүлдіршіннің тамағында бір зат тұрып қалған екен. Алматылық жанұя бізбен бірге оңтүстік астанаға ұшуды жоспарлаған. Біз отанымызға келген соң олар Алексейге хабарласып, алғыс айтты", -дейді Алексейдің жұбайы.

Кішкентай балақайдың өмірін құтқарып қалған Алексей Кудиенко ұшақта тағы бір аруға көмектесіпті. Бұл туралы ұшақтағы жолаушылардың бірі айтып берген.

"Ұшу уақыты 12 сағат болды. Бір кезде бойжеткен есінен танып қалды. Бортсеріктер дәрігерлер бар ма деп сұрады. Адамдар көмек көрсеткенімен, ештеңе шықпады. Сол кезде Алексей келіп, қыздың есін жинауына көмектесті", -деген жолаушы.

Айта кетейік, Ұлттық Ұлан гвардиясының қызметкері Алексей Кудиенко Киев әуежайында кішкентай қыздың өмірін сақтап қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel