RU
Дариға Назарбаева мүгедек балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді

Дариға Назарбаева мүгедек балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді

Рассказать Вконтакте

Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Атырауда сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатында заң бұзу әрекеттерінің орын алуына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Парламент сенатының  баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: dailynews.kz

Фото: dailynews.kz

Баспасөз қызметі хабарлауынша, интернатта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұрып жатыр. Прокурорлар мектеп тәрбиешілерінің мүгедек балаларға қатал қарап, күш қолданғанын анықтаған. Тәрбиешілер балаларды ұрып-соғып, оларды жұмысқа жегіп келген.   

Сенат басшысының айтуынша, мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қаталдық танытқандар заңнамаға сәйкес, барынша қатаң жазалануы керек.

"Қорғаусыз қалған мүгедек балаларға деген адамға жат әрекеттер біздің қабырғамызды қайыстырды. Біз  интернаттағы жағдайды түбегейлі өзгерту керек санаймыз және жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Меніңше, мұндай жағдайлар әлеуметтік қызмет өкілдерінің немқұрайдылығынан туындап отыр",-деді Д.Назарбаева.   

Аталған факт Жоғарғы палатаның жіті қадағалауында болады.

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel