RU
Тікұшақ апатында көз жұмған шымкенттік майордың денесі туыстарына берілді

Тікұшақ апатында көз жұмған шымкенттік майордың денесі туыстарына берілді

Рассказать Вконтакте

Қызылорданың Жалағаш ауданында орын алған тікұшақ апатында қаза тапқан шымкенттік майор Сабыр Тоқбаевтың денесі туыстарына табысталды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Марқұмның денесі майор қызмет еткен Шымкенттегі 55652 әскери бөлімінің алаңына Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағымен жеткізілді. Әскери қызметкермен қоштасу митингі дәл осы бөлімде өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшысының орынбасары, генерал майор Мұхамеджан Таласов пен Шымкентте орналасқан барлық әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сабыр Тоқбаевтың қазасына әріптестері әлі де сене алар емес. Тікұшақ апаты орын алды деген хабарды естіген кезде олар майор Тоқбаевтың аман табылатынын үмітпен күткен екен. Соңғылардың бірі болып мәйіті табылды деген қаралы хабарды естіген кезде сене алмадық дейді олар.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Оның енді ортамызда жоқ екеніне әлі де сене алмай отырмыз" деген әскери қызметкерлер оның есімі мәңгілік есімізде қалады дегенді алға тартты.

"Бұл қайғылы жағдай жалпы Қорғаныс саласына үлкен соққы болып тиді. Елдің түкпір-түкпіріндегі мықты мамандарымыздан айырылып қалдық. Сабыр Тоқбаев менімен бір әскери бөлімде еңбек етті. Өте керемет жан еді.
Жауапты, өзгелерден де соны талап ете алатын, өз ісіне мұқият, басшылық тапсырмасын екі етпейтін білікті қызметкер бола білді. Жұмыс сапарымен жаттығу жұмыстарына кеткен әріптесімді ақтық сапарға шығарып салып жатқаным жаныма қатты батып отыр",-деді 55652 әскери бөлімінің қызметкері, подполковник Бауыржан Сағындықов.

Митингтен соң марқұмның денесі әскери жасақпен отбасына жеткізілді. Қаза тапқан майорды жерлеу рәсімі 31, яғни, ертең өтеді.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, Сабыр Тоқбаевтың артында жұбайы мен жеті ұл-қызы қалды. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Еске салсақ, 27 наурыз күні Қызылордада Қорғаныс министрлігі әскери күштерінің МИ-8 тікұшағы оқу жаттығу кезінде апатқа ұшырап, бортта болған 13 әскери қызметкердің бәрі қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
13
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel