RU
Сауд Арабиясының королі Тоқаевқа телефон шалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сауд Арабиясының королі Тоқаевқа телефон шалды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Қазақстан парламентінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан парламентінің баспасөз қызметі

Әңгімелесу барысында Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Сауд Арабиясының Короліне ризашылық айтып, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынастар екі елдің игілігі жолында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Елбасының Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты дамытудағы зор еңбегін атап өтіп, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.

Елдер көшбасшылары екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel