RU
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер М-1 Challenge чемпионы атанды (видео)

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер М-1 Challenge чемпионы атанды (видео)

Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жектен өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов М-1 Challenge чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ол бұл жолғы кездесуін ресейлікке қарсы өткізген деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

М-1 Challenge 101 турнирі Алматыда өтті. Ал Шавкат Рахмонов пен Данил Приказдың арасындағы жекпе-жек бұл кештің ең басты кездесуі болды. Жекпе-жекке орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу қойылған.

Қазақстандық пен ресейлік спортшылар арасындағы кездесу бес раундқа жоспарланғанымен жекпе-жек екінші раундта Рахмоновтың жеңісімен аяқталды.

Шавкат қарсыласын жығып алып, соға бастағанда төрешілер кездесуді тоқтатқан.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың мансабындағы 11-ші жеңісі.

"Бұл белбеуді бәрі қалайды. Менде қазақстандықтардың әлемдік деңгейде түрлі лигаларда чемпион болғанын қалаймын", - деп өзі жеңісіне қатысты пікір білдірді Рахмонов.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel