RU
"Көмейіне бұлбұл ұя салған": Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

"Көмейіне бұлбұл ұя салған": Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Нұрлан Өнербаев әнші Димаш Құдайберген туралы ойын ортаға салды. Әншінің шығармашылығына үлкен баға берген өнер иесі Димаш дауыс қабілетінің, үн әуезділігінің деңгейін бүгінге дейін ешкім жете алмаған биікке көтеріп тастағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Өнербаев Димаш жайлы пікірімен Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Тағы бір жаңа биік. Тағы бір жаңа белес. Құдай бересалған Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі өткен концертінен кейінгі ой. Ән әлеміндегі бұған дейін ешбір әнші жете алмаған биікті, ешбір әнші аса алмаған асуды біздің Димашымыз жетіп қана қойған жоқ, ол одан асып түсті. Бәрекелді! - дейміз.
Осындай ұлдың өзіңнен шыққанына және қазақ болғанына, қазақ болғанда да қаны бар, намысы бар қазақ болғанынан айналып кетпейсің бе ағайын. Қашаннан елдің, жердің атын шығаратын да әйгілейтін де сол елдің өнері мен мәдениеті, тарихы болған. Терең тарихы мен бай мәдениетін әлемге өнері арқылы танытып келе жатқан Димаш ұлымыздың бойына көрікті, биазылықты, мәдениеттілікті, өнерді, асқақ үнді Жаратушымыз қазақы мінезбен қосып намысты қылып аямай-ақ берген екен.
Көмейіне бұлбұл ұя салған деген теңеу Димашқа ғана лайық деп санаймын. Өнер адамы ретінде білетінім әнді әркім ақ айтады, әңгіме ол әнді қалай айтқанында, қалай орындағанында. Димаш, дауыс қабілетінің, үн әуезділігінің деңгейін бүгінге дейін ешкім жете алмаған биікке көтеріп тастады. Бұл бес құрлық тыңдармандары мойындаған- әлемдік құбылыс екеніне қуануымыз керек", - дейді әнші.

Сонымен қатар Өнербаев өз жазбасында енді бұдан кейін Димаштың орындаушылық қабілетіне баға берерде, сараптама жасарда көптеген жандар ойланып сөйлер деген ойда екенін де атап өтті.

"Атам қазақ қашаннан бұлақ көрсе көзін ашқан. Көкке ұмтылғанның көмейін тығындамай, етегінен кейін тартып жігерін жаншымаған. Біз бір-бірімізді демесек қана, бір-бірімізге дем беріп көтермелесек қана іргелі Ел боламыз. Қазақ елінің, қазақ өнерінің, қазақ әнінің кезекті жеңісі құтты болсын! Сол жеңісті еліне жеткізген Димаштай ұлымыз аман болсын! Жеңісті де жемісті күндері көп болсын өнерпазымыздың", - дейді Нұрлан Өнербаев.

Өнердегі ағасының өзіне деген ыстық ықыласын оқыған Димашта үнсіз қалмай Өнербаевқа алғысын айтты.

"Нұрлан аға, сіздердің салған сара жолдарыңызбен жүру - біз үшін үлкен бақыт. Жылы лебізіңізге көп рахмет. Сіздің даусыңызды қатты сағындық. Сізден бата алып жатқан менде арман бар ма?", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Сіздің реакцияңыз
5
4
0
1
2
185
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel