RU
Теміртаулықтар өңірдегі ең әдемі бойжеткенді таңдады (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Теміртаулықтар өңірдегі ең әдемі бойжеткенді таңдады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Теміртау аруы- 2019" атағы 18 жастағы Елизавета Максимоваға бұйырды. Бойжеткендер арасында ең сұлу аруды анықтайтын байқаудың финалы 30 наурыз күні қалалық мәдениет үйінде өткен деп хабарлайды байқаудың Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Байқау жеңімпазы атанған ару Елизавета медициналық колледже фельдшер мамандығы бойынша білім алады және сурет өнерімен айналысады. Бүгінде бойжеткен портреттер салумен шұғылданып, табыс тауып жүр.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Елизавета алғашқы сәтте байқаудың жеңімпазы атанғанын тіпті, түсінбей қалған.

"Менің есімімді атағанда әңгіме бірінші вице-мисс жайлы шығар деп ойладым. Себебі жеңіліп қалғаным елестеп, тіпті, аздап көңілім түсіп те үлгерген еді", - дейді жеңісті сәтін еске алған ару.

Елизавета Максимова өмірін модельдік бизнеспен жалғастырғысы келеді. Ал байқау бұл мақсат жетудегі бастапқы жол болмақ.

Айта кетейік, енді 18 жастағы бойжеткен "Қазақстан аруы 2019" байқауында Теміртаудың намысын қорғайды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel