RU
Оралда капитан Сырым Мәсәліммен қоштасуға жүздеген адам келді (фото)

Оралда капитан Сырым Мәсәліммен қоштасуға жүздеген адам келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Оралда тұрғындар Қызылорда облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағында болған капитан Сырым Мәсәліммен қоштасты. Марқұм әскери қызметкерді соңғы сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

Қаралы рәсім Зачаган ауылы "Сарытау" шағын ауданындағы №50 мектептің ауласында өткен.

Марқұмды соңғы сапарға шығырап салуға келген облыс әкімі Алтай Көлгінов 29 жастағы капитанның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

"Әскери қызметкерлердің бейбіт уақытта қаза табуы барлығы үшін орны толмас қайғы", - деді облыс әкімі.

Сырым Мәсәлім Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе аулының тумасы. Марқұмның әкесі ұлының бала кезінен ұшқыш болуды армандағынын айтты.

"Бұл біздің отбасымыз үшін ғана үлкен қайғы емес. Тікұшақ апатынан 13 адам қаза тапты", - деді Малкей Иманғалиев.
Сырым Мәсәлім

Сырым Мәсәлім

Сырым Мәсәлімнің артында үш жасар ұлы мен әйелі қалды.

Айта кетейік, Сырым Мәсәлім продюсер, ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтың бала кездегі досы болған.

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

Фото авторы: Темірболат Тоқмамбетов

Еске сала кетсек, 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырып, 13 әскери қызметкер қаза тапты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel