RU
Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Украинада президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 8-ден жұмыс істеуде деп хабарлайды Хабар24.

Юлия Тимошенко алғашқылардың бірі юолып дауыс берді. Фото: SERGEI GAPON/GETTY

Юлия Тимошенко алғашқылардың бірі юолып дауыс берді. Фото: SERGEI GAPON/GETTY

Саяси додаға 39 кандидат түсіп жатыр. Алдын-ала жүргізілген сауалнамаға қарағанда, шоумен әрі кәсіпкер Владимир Зеленскийді жақтаушылар бір шама көрінеді.

Болжам бойынша, одан кейін орында қазіргі президент Петр Порошенко мен экс-премьер, "Батькивьщина" партиясының лидері Юлия Тимошенко келе жатыр екен.

Айта кетейік, сайлауды екі мың 300-ден астам халықаралық бақылаушы қадағалауда. Дауыс беру кешкі сағат 20-00-ге дейін жалғасады.

Жергілікті заңға сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді.

Бірақ сарапшылар бірінші кезеңде кандидаттар бұл межені еңсере алмайды деген пікірде.

Егер алғашқы турда жеңімпаз анықталмаса, сәуірдің 21-і күні сайлаудың екінші туры өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel