RU
Ақмола облысында су бөгетті бұзып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында су бөгетті бұзып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында Кенесары бөгеті бұзылды. Су Көкшетауға қарай келе жатыр деп хабарлайды облыстық ТЖД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото 56orb.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото 56orb.ru сайтынан алынды

Бөгеттің бұзылуы 31-ші наурызда 04:25-те болған. Еріген қар суының негізгі бөлігі Көкшетаудағы Қылшықты өзені арқылы өтетін Бурабай және Зеренді аудандарының территориясына жиналып жатыр.

Ал бөгет орналасқан Кенесары ауылында су деңгейінің көтерілу қаупі жоқ. Су Көкшетаудан 17 шақырым жерде орналасқан Иванов бөгетіне жылжып барады екен.

ТЖД су көлемі Көкшетауға жақын бөгетте бәсеңдегенің атап өтті. Мамандар Көкшетауда судың көлемі аз болады деп күтуде.

Бөгет пен Қылшақты өзеніне бақылау постары қойылған. Қазіргі таңда жеке құрамнан 258 адам мен 20 техника бірлігі жұмылдырылған.

Жедел штаб жағдайды 24 сағат бойы бақылауда ұстауда.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
3
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel