RU

Қазақстандық спортшы сынған қолымен Токиода жеңіске жетті (видео)

Қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан турнирде қолын сындырып алса да, жеңісті қолдан бермеген. Отандасымыз қарсыласын жеңіп ONE Championship Гран-приінің жартылай финалына өткен деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz: Depositphotos

Қазақстандық файтер турнирдің ширек финалында австралиялық Рис Макларенмен кездескен. Ахметовтің менеджері Саят Әбдірахмановтың сөзінше, спортшының жеңіске жетер жолында сәтсіздіктер болған.

Бастапқыда Қайратта виза мәселесімен проблемалар туындаса, жекпе-жектің алғашқы раундында қолын сындырып алған.

Соған қарамастан отандасымыз белгіленген үш раундты еңсеріп, жеңіске жете білген. Айта кетейік, төрешілер Қайраттың жеңісін бірауыздан қолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786166-kazakstandyk-sportsy-syngan-kolymen-tokioda-zeiske-zetti-video.html