RU
Бұрын күйеуде болған келіншек өзінен кіші азаматқа алдап тұрмысқа шығып алған
Жаңалықтар Қоғам

Бұрын күйеуде болған келіншек өзінен кіші азаматқа алдап тұрмысқа шығып алған

Рассказать Вконтакте

Алматыда бұрын некеде болған келіншек жас жігітті алдап, тұрмысққа шыққан. Ол екінші күйеуіне алғашқы некесі жайлы жақ ашпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: HelpRazvod.Ru

Көрнекі фото: HelpRazvod.Ru

Айлакер келіннің аталмыш әрекетін KAZ.NUR.KZ тілшісіне келіншектің қайын атасы айтып берді. Бүгінде бұрынғы келінінен үш немере сүйіп отырған қария, келіндерінің бұл опасыздығын кешірмейміз дейді.

"Ұлым – қара шаңырақтың иесі, жар дегенде жалғыз балам. Өзінен үш жас үлкен болса да, осы қызға үйленемін деп тұрып алды. Содан баланың бетін қайтармайық деп үйлендірген едік, соңы осындай болды. Келінім бұрын тұрмыста болған әйел болып шықты. Ол аздай бірінші күйеуінен бір баласы бар екен.
Оны өзі де, құдалар да бізден жасырып қалған. Бірақ өтіріктің арты бір-ақ тұтам дейді, туған-туыстардан байқаусызда біліп қалдық. Ұлым осы әйелден үш баласы бар болғанына қарамастан, ажырасамын деп шешті. Қарсы келе алмадық, екеуі қазір бөлек тұрады. Келіннің бұл опасыздығын қалай кешірмекпіз?", - дейді қарт кісі.

Қария тек бұрынғы келінімен бірге ілесіп кеткен үш немересін сағынып, аңсайтынын айтады.

"Жастықпен сондай білместтікке барған шығар. Бірақ бәрін о бастан айтуы керек еді. Қазір енді ұлым қырыққа келіп қалды, басқа әйел тауып, үйленгенше қай заман? Бәрінен бұрын келінмен бірге кеткен немерелерімді сағынамын. Демалыс сайын әкеп тұрады, бірақ сонда да, балаңның баласын ерекше жақсы көріп, жамандыққа қимайды екенсің. Жатсам да, тұрсам да, сол үш қозымның амандығын тілеймін", - деп әңгімесін аяқтады қарт кісі.
Сіздің реакцияңыз
16
2
7
24
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel