RU
Ел астанасы Нұр-Сұлтанның атауы тарихта неше рет өзгерген?
Жаңалықтар Қоғам

Ел астанасы Нұр-Сұлтанның атауы тарихта неше рет өзгерген?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана елорданың атауы "Нұр-Сұлтан" болып өзгерсе де, тұрғындар әлі күнге дейін қаланың бұрынғы атауын ауыздарынан тастайтын емес. Десе де, "Нұр-Сұлтандықтардың" көпшілігі елорданың атауы тарихта қанша рет өзгергенін білмейтін болып шықты. Осы орайда KAZ.NUR.KZ бұрынғы "Астананың" тарихына шолу жасап, аз-кем ақпарат ұсынуды жөн көрді.

Фото: Максим Золотухин

Фото: Максим Золотухин

Тарих бойынша қазіргі "Нұр-Сұлтан" қаласының алғашқы атауы – Акмолинск болып шықты. Шаһар мұндай атқа сонау 1862 жылдың 26 қыркүйегінде иеленген екен. Содан бері шаһар қала мәртебесінен айырылған емес. Кей дереккөздерге сәйкес, бүгінде Нұр-Сұлтанда 1 миллион 882 000 адам тұрады екен.

1961 жылдың 20 наурызында бұрынғы Астанаға қалаға "Целиноград" атауы берілген. 1961-1962 жылдары қала тың игерушілердің шаһарына айналып, онда түрлі жаңа нысандар бой көтерген. Олардың қатарында тұрғындарға күні бүгінге дейін етене таныс "Тың игерушілер" сарайы (ред. қазіргі Конгресс холл), Жастар сарайы сынды ғимараттар да бар.

1992 жылдың 6 шілдесінде қалаға бұрынғы ескі атауы – Ақмола беріледі. Аталмыш сөздің шығу тарихы жайлы ғалымдардың пікірі әлі күнге дейін қақ жарылады. Олардың бірі қала атауы – шаһардан жиырма шақырым жерде жерленген, абыз Нияз бидің құрметіне қойылды десе, енді бірі – көне заманда Ақмола қымыз, шұбат сынды ақ сүтті сататын аймақ болған екен дейді. Осыған орай, тұрғындар оның атауын "Ақ мол" болса екен деген ниетпен, Ақмола атап кеткен көрінеді.

1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның Жоғары Кеңесінің шешімімен, ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіріледі екен. Осылайша 1997 жылдың 10 қаңтарында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде Ақмоланы ел астанасы деп жариялайды.

Сол сияқты 1998 жылдың 6 мамырында қала атауын "Астана" деп атау туралы президент жарлығы шықты. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен "әлемнің қаласы" мәртебесі берілді.

Биылғы жылдың 20-наурызында қалаға "Нұр-Сұлтан" атауы берілді. Аталмыш жарлыққа қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт қол қойды.

Сіздің реакцияңыз
19
0
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel